2021 жылғы 11 маусымда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный қаласы білім бөлімінің Перцев негізгі орта мектебі" КММ-де негізгі орта білім туралы аттестаттарды тапсыру салтанатты рәсімі өтті. Салтанатты шараға мемлекеттік емтихандарды сәтті тапсырған 9 "А" сыныбының 7 түлегі қатысты. Мектеп директоры Шмидт Ирина Викторовна түлектерге жылы лебізін білдірді. Ол аттестат алу-жас жігіттің өміріндегі алғашқы маңызды кезең, оның алдында өзінің әрі қарайғы өмір жолын таңдау қиын екенін атап өтті. Сондай-ақ, түлектерге директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.Р. Жангабулова және олардың сынып жетекшісі А. Б. Алдабаева ізгі тілектерін білдірді.

Түлектерге аттестатпен бірге оқудағы жетістіктері және сыныптың, мектептің және қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін грамоталар табыс етілді. Осы жылдар бойы балаларының жанында болған ата-аналар да мектеп әкімшілігінен алғыс хаттар алып, мектепке барынша көмек және қолдау көрсетіп, ол үшін маңызды барлық істерге қатысты.